Оңтүстік Кореяда су тасқынынан 7 мың үй бүлінді

Оңтүстік Кореяның солтүстік-батысында су тасқыны салдарынан 7 мыңға жуық үй зақымданды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 18 адам қаза тауып, 9 тұрғын із-түзсіз жоғалған. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Ел президенті Ли Чжэ Мён апат аймағына барып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ жапа шеккендердің несие төлемдерін кейінге шегеріп, салықтық жеңілдіктер ұсынуды міндеттеді. Қазір өңірде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.