Филиппинде тайфуннан 50 мың адам эвакуацияланды

Филиппинде «Випха» тайфунының соққысынан соң 50 мың адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Олар уақытша паналау орындарына орналастырылды.

Қауіпсіздік мақсатында мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылып, әуе рейстері тоқтатылды. Табиғи апаттан 5 адам қаза тауып, миллионнан астам тұрғын зардап шекті. Бұған қоса ауыл шаруашылығы алқаптары да бүлініп, шаруалар қомақты шығынға ұшырады. Деректерге сай фермерлерге келген залал 950 мың доллардан асқан. Елдің бүкіл өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты қызыл деңгейлі дабыл жарияланды.