АҚШ ЮНЕСКО құрамынан шығады

АҚШ ЮНЕСКО құрамынан шығатынын мәлімдеді. Шешім 2026 жылдың желтоқсанында күшіне енеді.

Ақ үй өкілі Анна Келлидің айтуынша, Вашингтон ұйым басшылығын ресми түрде хабардар етті. АҚШ билігі ЮНЕСКО-ға мүше болу ел мүддесіне сай келмейді деп есептейді. Сондай-ақ АҚШ ұйымның әртүрлілік, теңдік және инклюзия саласындағы саясатын қолдамайтынын хабарлады. Америка бұған дейін 1984 жылы да ЮНЕСКО-дан шыққан. Ол кезде ұйым бюджетінің тиімсіз басқарылуына байланысты сын айтқан еді. Ал 2003 жылы АҚШ ЮНЕСКО-ға қайта мүше болған.