АҚШ Иранмен ядролық келіссөз жүргізуге дайын

АҚШ Иранмен ядролық келісім бойынша тікелей келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы мемлекеттік департамент өкілі Тэмми Брюс хабарлады.

Оның айтуынша, бұл келісімнен Иранның ұтары көп. Тегеран бейбітшілік пен даму жолын таңдауға мүмкіндік алып отыр. Бұған дейін Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи тараптар тең жағдайда әрекет етсе, тікелей келіссөзге қарсы емес екенін айтқан еді. Сондай-ақ ол Вашингтонмен бұрынғы келіссөздердің нәтижесіз болғанын жеткізді. 12 сәуірден бері Иран мен АҚШ Оманның арағайындығымен 5 кезең бойынша жанама келіссөз жүргізді. Бірақ өткен айда Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдан кейін диалог тоқтады.