Грекияда орман өртеніп жатыр
Грекияның Коринф қаласы маңында орман өртеніп жатыр. Қатты ыстық пен құрғақ желден жалын жылдам таралып, біраз аумақты жайпап өткен. Синоптиктердің айтуынша, аймақта ауа температурасы кейінгі бірнеше күнде 40 градустан төмен түспей тұр.
Билік шұғыл жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Ал өртті сөндіруге 15 ұшақ пен 12 тікұшақ қолданылып жатыр. Дегенмен көк түтін әуе арқылы тілсіз жауды ауыздықтауға кедергі келтіріп тұр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.