Ғалымдар қоқыстан сирек металдар өндіруді ойлап тапты

Бұрын тек жер қойнауынан алынатын сирек металдарды енді қоқыстан өндіруге болады.

Швейцариялық ғалымдар осындай жаңа әдіс ойлап тапты. Мамандар бұл пайдалы қазбаларға тәуелділікті азайтатынын айтады. Тың бастама жайында әріптесім тарқатады.

Қоқысқа тасталған смартфон, теледидар, компьютер сияқты ескі техникадан сирек металдар арнайы ұнтақ арқылы бөлініп алынады.  Швейцариялық ғалымдар қалдықтарды қайта өндеудің жаңа әдісі экологиялық қана емес экономикалық тұрғыдан да ұтымды, дейді.

Мари Перрин, ETH Zurich зерттеу орталығының ғылыми қызметкері:

- Ұзақ уақыт бойы сирек металды қоқысқа тасталған тұрмыстық техниканы өңдеу арқылы алғаннан көрі жаңа кен қазу ең арзан жол болды. Қазір жағдай өзгеріп келеді. Бұған көбіне геосаяси ахуал ықпал етіп жатыр. Себебі мемлекеттер өзге елдердегі ресурстарға тәуелділікті азайту үшін тың жолдарды іздеуге мәжбүр. 

Цюрихтегі технология институтының мәліметі бойынша, бүгінде сирек металдардың 1%-дайы ғана қайта өңдеумен алынады. Себебі оларды бөліп шығару үшін көп энергия мен химиялық реагенттер қажет. Қазір сирек металдардың 85%-ын Қытай өңдейді, бағаны да өздері белгілейді. Бұл Еуропа үшін тиімсіз.

Мари Перрин, ETH Zurich зерттеу орталығының ғылыми қызметкері:

- Әзірге біз мұны тек зертхана жағдайында жасап жүрміз. Болашақта ауқымды өңдеу жұмыстарын жүргізгіміз келеді. Бұл жергілікті өнеркәсіп үшін келесі маңызды кезең болмақ. 

Швейцариялық зерттеушілер енді технологияны өндірістік жолға қоюды көздеп отыр. Болашақта кәсіпорындар өз материалдарын өздері қайта өңдей алуы тиіс, дейді мамандар.