Украинада шегіртке қаптады

Күннің ысуы жәндіктерді де көбейтіп жатыр.

Оның ішінде зиянсызы да, зияндысы да бар. Украинаның Запорожье облысында шегіртке қаптады. Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар түрлі бейнематериал жариялап, мұндай оқиға бұрын-соңды болмағанын айтады. Зиянкестер егістік алқаптарын бүлдіріп, жолындағыны жайпап келеді. Ақпарға қарағанда 1 шаршы метр аумақта жүзге тарта шегіртке кездеседі. «Бұл көрсеткіш шекті деңгейден асып кеткен», - дейді мамандар. Ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай соққы болмақ. Жалпы осы шегіртке жыл сайын әлек салады. Биыл ахуал қалай? Халықаралық шолшумыз Фариза Жанғанаева тарқатады.