Кубаға саяхаттаушылар қатары азайды

Кубаның туристік секторы дағдарысқа ұшырады. Кейінгі бірнеше айда аймаққа саяхаттаушылар қатары күрт төмендеген. Осы жылдың алғашқы бес айында елге млн-ға жуық турист қана келген.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 мыңға аз. Сарапшылар елдегі туризмнің құлдырауын инфляция және электр қызметінің нашарлауымен байланыстырып отыр. Дағдарыстан қонақ үй бизнесі зардап шегіп отыр. Мейманханаларға келушілер қатары бірден 20%-ға азайған. Табыстың төмендеуінен кәсіп иелері қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр.