Колумбия университеті $200 млн айыппұл төлейді
Колумбия университеті федералдық қаржыландыруға қол жеткізу үшін АҚШ билігіне 200 млн доллар айыппұл төлейді. Тараптар Дональд Трамп әкімшілігі тарапынан қысымның күшеюінен осындай шешімге келген.
Жағдай осы көктемде университет кампусында ушықты. Студенттер палестиналықтарды қолдау мақсатында шеруге шығып, еврей оқытушыларына қарсы наразылық танытқан еді. Соның кесірінен оқу орны мемлекеттің қаржыландыруынан қол үзіп қалды. Енді университет басшылығы айыппұл төлеуге міндетті. Есесіне федералдық билік аяқсыз қалған зерттеу жұмыстарына материалдық қолдау көрсетіп, гранттарға қатысуға мүмкіндік береді.