Израиль Газаға гуманитарлық жүк жеткізуді бастады

Израиль қарулы күштері Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізу операциясын қайта бастады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Жеті контейнерден тұратын көмек парашют арқылы тасымалданды. Жүктің құрамында ұн, қант және консервіленген азық бар. Шара халықаралық ұйымдардың қолдауымен өткен. Палестина билігінің мәліметінше, жыл басынан бері аштықтан 127 адам мерт болған. Олардың көбі балалар.