АҚШ пен Еуроодақ келісімге келді
АҚШ пен Еуропалық Одақ сауда келісімін жасады.
Бұл туралы Шотландияда Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мен Дональд Трамптың кездесуінен кейін мәлім болды. Осыған дейін Трамп Еуропа елдеріне 30%-дық баж салығын енгіземін деген еді. Енді тараптар өзара мәмілеге келеді. Алайда, Трамп Брюссель үшін бұл салықты 15%-дан төмендетуге ниетті емес. Келісім аясында Еуропалық Одақ АҚШ-тан 750 миллиард доллар көлемінде энергия ресурстарын сатып алуға және 600 миллиард доллар көлемінде АҚШ экономикасына инвестиция салуға келісті.