Ганада маймыл шешегі тарады
Ганада маймыл шешегінен 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді.
Ресми ақпарға қарағанда жыл басынан бері 260 адам ауру жұқтырған. Қазір елдің 14 өңірін індет жайлады. Билік жақын арада вирусқа қарсы жаппай вакцина егуді бастайды. Тұрғындарға сақтық шаралары туралы қатаң ескерту жарияланды. Маймыл шешегі – адамнан адамға тарайтын жұқпалы ауру. Әлсіздік, жөтел сияқты симптомдар басталып, денеге бөртпелер қаптап кетеді. Инфекция Африка елдерінде жиі тіркеледі.