Париж соты Павел Дуровты қайта тергеді

Телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж соты қайта тергеді. Бұл туралы француздық Le Monde басылымы хабарлады.

Ол 10 сағат бойы тергеушілердің сұрағына жауап берді. Кәсіпкер «Телеграм» платформасы арқылы заңсыз қаржылық операцияларға қатысты деген күдікпен жауапқа алынды. Басылым мәліметінше, Дуровтың заңгерлері Париж апелляциялық сотына істі тоқтату туралы өтініш жолдаған. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Іс толығымен қаралғанша Дуровқа Франция аумағынан шығуға тыйым салынды.