Жапонияның солтүстігінде цунами қаупі жарияланды

Жапонияның солтүстігінде цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланды.

Табиғат апаты Хоккайдо мен Кюсю аралдарын қамтиды. Мамандар бұл кезде толқынның биіктігі 1 метрге дейін жетеді деп болжайды. Қауіптің туындауына Камчатка маңындағы 8 жарым балдық жер сілкінісі себеп. Зілзала эпицентрі теңіз түбінде Петропавловск-Камчатск қаласынан 160 шақырым жерде тіркелген. Осыған байланысты Ресейдің Авачин шығанағы мен АҚШ-тың Аляска және Гавай аралдарында да цунами қаупі жарияланды.