Қытай 75 елге визасыз режим енгізді
Қытай 75 елге 30 тәулікке дейін визасыз режим енгізді. Мұндай шара туризмді дамытып, мемлекет имиджін жақсартуы тиіс.
Бұл туралы осы елдің ұлттық көші-қон қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, тізімде бұған дейін Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Латын Америкасынан 38 мемлекет қана болған. Соған қарамастан әуе билеттері мен қонақ үйді алдын ала брондау көрсеткіші былтырмен салыстырғанда екі есе өскен. Ал туристердің шамамен 75%-і визасыз режим енгізілген аймақтардан келген.