АҚШ Бразилияға баж салығын 50% көтереді
АҚШ Бразилиядан жеткізілетін кей тауарларға баж салығын 10-нан 50%-ға дейін көтереді.
Тиісті жарлыққа президент Дональд Трамп қол қойды. Жаңа тарифтер тамыз айынан бастап күшіне енеді. Құжатта шешім Бразилиядағы саяси жағдаймен байланысты екені жазылған. Онда адам құқықтарының бұзылуы мен экс-президент Жаир Болсонаруға қысым көрсетілгені айтылған.