Чунцин тұрғындары метро стансаларын паналап жүр
Қытайдың Чунцин қаласында күн қатты ысып тұр. Сынап бағанасы 40 градустан жоғары.
Билік қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Тұрғындарға аптаптан қорғану үшін жер асты метро стансаларына түсіп, салқындап алуға, тіпті паналауға мүмкіндік жасалған. Ал ғимараттарда салқындатқыш үздіксіз қосылып тұр. Синоптиктердің болжауынша, аптап бірнеше күнге созылады.