Еуропада 300 мың гектар орман алқабы жойылды
Биыл жыл басынан бері Еуропа елдеріндегі 300 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп кеткен. Орман өрттері туралы Еуропалық ақпарат жүйесінің дерегіне сүйенсек, бұл кейінгі 19 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы 7 ай ішінде мыңдаған ірі өрт ошағы тіркелген. Әсіресе, Грекия, Испания, Португалия, Албания, Ұлыбритания, Кипрде төтенше жағдайлар болды. Өрттің кең таралуына аймақтағы қатты құрғақшылық әсер еткен.