Испания Газадан он үш баланы эвакуациялады
Испания билігі медициналық көмек көрсету үшін Газадан 13 баланы эвакуациялады.
Жарақат алған балалар Сарагоса әуежайына жеткізілді. Көбі Израиль шабуылынан кейін шұғыл операцияға мұқтаж. Оларды Испания денсаулық сақтау министрі бастаған делегация күтіп алды. Жалпы наурыздан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Испания 43 баланы емге әкеткен.