Ресейдің Қабардин-Балқария аймағында сел жүрді

Ресейдің Қабардин-Балқария аймағында толассыз жауыннан сел жүріп, 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Апат аймағынан эвакуацияланған азаматтар мектептер мен қонақүйлерге орналастырылған. Көшкін салдарынан өңірдегі су құбыры зақымданып, 3 мыңнан астам адам сусыз қалды. Селден “Эльбрус” шипажайына апаратын көпір бүлініп, кей жолдар жабылған.