Газадағы 300 бала Ұлыбританияда ем алады
Ұлыбритания Газа секторындағы 300 науқас баланы емдеуге көмектеседі, деп хабарлайды 24kz.
Қазір Біріккен Корольдік ауыр халдегі балаларды эвакуациялау жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл туралы The Sunday Times басылымы хабарлады. Британ Денсаулық сақтау министрлігі бүлдіршіндерді қабылдайтын тиісті орындар дайын екенін жеткізді. Ем-дом алатын әр баланың жанында ата-анасы немесе асыраушысы болады. Жалпы 2023 жылдың қазанында басталған қақтығыстан бері Ұлыбританияда бірнеше бала емделген.