Португалия мен Испанияда күн қатты ысиды

Испания мен Португалияда осы аптада күн қатты ысиды.

Сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Синоптиктер жоғары температура апта соңына дейін жалғасады деп болжайды. Жергілікті тұрғындарға аптаптан сақтану туралы қатаң ескерту жарияланды. Кейінгі екі айда Испанияда ми қайнатар ыстық салдарынан мыңнан астам адам көз жұмған. Қапырық ауадан орман өрті де жиіледі. Кейінгі бірер аптада Португалияның солтүстігінде 14 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті. Қазір ел бойынша 39 өңірде қауіп деңгейі жоғары.