Жапония ғарышты қоқыстан тазартуға ниетті
Жапония ғарышты қоқыстан тазарту бойынша жаңа ереже енгізбек.
Кейінгі жылдары зеңгір көкте қолданыстан шыққан аппараттар көбейді. Бұлар байланыс жүйелері мен бақылау тетіктерін зақымдап, зор шығын келтіруі де мүмкін. Жапондардың жоспары бойынша әуелі осы нысандарға кім иелік ететіні анықталып, тиісті ұсыныс-талаптар дайындалады. Күн шығыс елі бұл шараларды Біріккен ұлттар ұйымымен бірлесіп атқаруға ниетті. Еуропалық ғарыш агенттігінің мәліметі бойынша, қазір аспан кеңістігінде 3 мыңнан астам жерсерігінің қалдықтары мен 2 мыңдай зымыран бөлшектері қалықтап жүр.