Гвинеяда тасқыннан 15 адам мерт болды

Гвинеяда жойқын су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Маусым айының соңынан бері жауған нөсер инфрақұрылымға елеулі залал келтіріп отыр. Қала көшелері мен көпірлерін су шайып кеткен. Құтқарушылар мен еріктілер құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ресми деректерге сәйкес 138 үй бүлінген. Ал 52 отбасы уақытша баспаналарға жайғастырылды. Билік су тасқынына қарсы күресті күшейтіп, қауіп аймағындағы тұрғындарды көшіру жұмыстарын қолға алмақ.