Таиландта тайфун салдарынан 6 адам қаза тапты
Таиландта «Випха» тайфунынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Апат шілде айының соңында елдің солтүстік және орталық аймақтарын қамтыды. Жауын-шашын мен секундына 28 метрге дейін жеткен қатты желден 12 провинцияда су тасқыны тіркелді. Салдарынан 230 мыңнан астам адам зардап шекті. Мыңдаған тұрғын үй зақымданды. Қазір апат салдарын жою шаралары жүргізілуде. Жергілікті билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрғын үйлерді құм салынған қаптармен бекітіп жатыр.