АҚШ-та азық-түлік қымбаттап барады

Дональд Трамптың салық саясаты кәсіпкерлерді тығыраққа тіреп, салдарынан баға шарықтады.

 Бұған жергілікті тұрғындар наразы. Мәселен, Associated Press-тің қоғамдық байланысты зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға сүйенсек, жылына 30 мың доллар табыс табатын американдықтардың 64 пайызы дүкен сөрелеріндегі күнделікті қажетті затын алуға қалтасы көтермейтінін айтқан. Қазір АҚШ-та бағаның күн сайын қымбаттауы қалыпты құбылысқа айналып барады.