Гонконгта тасқын қаупінің «қара» деңгейі енгізілді

Гонконгта тасқын қаупінің күшеюіне байланысты ең жоғары «қара» деңгей жарияланды.

Осыған байлданысты мемлекеттік мекемелер, ауруханалар мен мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Аймақта нөсер жауын толастамай  тұр. Жауын-шашын мөлшері  90 миллиметрге дейін жетеді. Қазір іздеу-құтқару жұыстары жүріп жатыр. Оған мыңдаған маман жұмылған. Бірер күн бұрын Қытайдың оңтүстігінде дүлей дауыл тұрып, арты алапат тасқынға ұласқан болатын. Соның салдарынан 5 адам опат болды. Билік тұрғындарға қауіп туралы ескертіп, барынша сақ болуға шақырды.