ЮНИСЕФ: Газада тәулігіне 28 бала қайтыс болады

Газа секторында қақтығыс басталғалы  күн сайын орта есеппен 28 бала қайтыс болады.

Бұл ЮНИСЕФ-тің мәлімдесі. Ұйым өкілдерінің дерегіне сүйенсек,  гуманитарлық жүк жеткізу мәселесі күннен күнге ушығып барады. Азық-түлік тұрақты жеткізілмегендіктен  320 мыңнан астам бала тойып тамақ ішпейді. Соның салдарынан көбінің денсаулығы сыр беріп, психикалық күйзеліске түскен.  Осыдан 2 жыл бұрын ХАМАС пен Израиль арасында текетірес күшейгелі бері Газа секторында 61 мыңға жуық палестиналық көз жұмды. Оның 18 мыңға жуығы кәмелетке толмаған.