Жапонияда отшашу кезінде өрт шықты
Жапонияның Иокогама қаласында жазғы фестиваль кезінде аспанға атылған отшашудың соңы өртке ұласты.
Жүзіп бара жатқан екі кеме отқа оранды. Осыдан кейін ұйымдастырушылар мерекелік шараны тоқтатуға мәжбүр болды. Кеме бортында қызмет атқарған бес пиротехник теңізге секіріп, құтқарушылардың көмегімен аман қалған. Өрт дер кезінде сөндірілгенімен, фейерверк қайтадан өздігінен атыла бастаған.