Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге келді
Оны Внуково әуежайында Ресей президентінің экономикалық әріптестік бойынша арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – жыл басынан бері Уиткоффтың бесінші сапары. Осыған дейін ол 4 рет Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескен. Cоңғы рет, яғни, 25 сәуірде Кремльде болып, Мәскеу мен Киев арасында тікелей келіссөз жүргізу жайын талқылаған болатын.