Францияда 11 мың гектар аумақты өрт шарпыды
Францияның оңтүстігінде тұтанған орман өрті 11 мың гектарға жуық аумақты күлге айналдырды.
Жалын 15 елді мекенге тараған. Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті өрт сөндіруші жарақат алды. Тілсіз жау 2500 үйді жарықсыз қалды. Сондай-ақ 25 үй зақымданып, 30 көлік жанып кеткен. Қызыл жалынмен 1800-ге жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. Алайда қатты ыстық пен жел жағдайды қиындатып отыр. Қазіргі ахуалға байланысты билік тұрғындарға жаппай эвакуацияға әзір болуды ескертті.