АҚШ-та жалын 34 мың гектар жерді шарпыды

АҚШ-тың Калифорния штатында бес күннен бері орман өртеніп жатыр.

Қызыл жалын 34 мың гектар аумақты шарпыған. 800-ден астам үйге қауіп төніп тұр. 2 мыңнан астам құтқарушы өртке қарсы күреске жұмылдырылды. Күшті жел мен аптап ыстық жағдайды ушықтырып тұр. Кей жерлерде сынап бағанасы 40 градустан асады. Тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.