Қытайда гуманоидты роботтар дүкені ашылады

Бейжіңде әлемдегі алғашқы гуманоидты роботтар дүкені ашылады.

Мұнда 40-тан астам қытайлық бренд ұсынған 100-ге жуық робот сатылып, жалға беріледі. Ғимарат төрт қабаттан тұрады. Аумағы 4 мың шаршы метрді қамтиды. Орталық ішінде робот-даяшылар мен музыканттар қызмет көрсететін мейрамхана да бар. Ресми ашылуы 8 тамызға жоспарланған. Бұл күн робототехника бойынша ХХ Дүниежүзілік конференцияның басталуымен тұспа-тұс белгіленген.