Газа секторына 2 аптада 800 жүк көлігі кірді
Кейінгі екі аптада Газа секторына 800 гуманитарлық жүк көлігі кірді.
Египеттегі Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметтері бойынша, анклавқа 8 мың тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілген. Қазір тағы 200 көлік «Рафах» бақылау-өткізу пунктінде кезекте тұр. ЮНИСЕФ өкілдері гуманитарлық көмек жеткіліксіз екенін айтады. Осыған дейін, Израиль Газада тактикалық үзілістер енгізген болатын. Сөйтіп, ондағы әсери операциялар күн сайын 10 сағатқа тоқтатылды. БҰҰ мәліметтері бойынша, Газаға 19 мамырдан бері 2 мыңнан астам жүк көлігі кірді. Алайда оның 260-ы ғана тұрғындарға жеткен. Қалғаны талан-таражға түскен.