Газадағы 15 науқас бала Иорданияға көшірілді

Газа секторынан ауыр халдегі 15 бала Иорданияға эвакуацияланды.

Бұл гуманитарлық шара Иордания билігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жүзеге асты. Жалпы 43 отбасы медициналық көмек сұраған. Биыл ақпанда Иордания королі Екінші Абдалла 2 мың баланы қабылдауға әзір екенін айтқан болатын. Әзірге тек 439 бала ауруханаға жатқызылып, ем алды.