Камчаткада қауіптің жоғары деңгейі жарияланды

Ресейдің Камчатка түбегінде атқылаған жанартаудың қатты қарқынына байланысты ұшақ рейстерінің бағыты өзгеріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені аймақта қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. 30 шілдедегі жойқын дүмпуден кейін өңірде 7 жанартау оянған. Олардың арасында 500 жылдан бері ұйқыда жатқан Крашенинников жанартауы да бар. Ал, Ключев шоқысынан шашыраған от пен күл 11,5 шақырым биіктікке көтерілген. Одан тараған түтін Беринг теңізіне, және бірқатар елді мекенге тарады. Билік жергілікті тұрғындарға қауіптен барынша сақтанып, бетперде тағуға кеңес берді.