Қытайда көпір құлап, бес адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысында аспалы көпір опырылып түсті, деп хабарлайды 24kz.

Оқыс оқиғадан 5 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Екі тұрғын ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпар бойынша апатқа көпірді ұстап тұрған негізгі тіреу арқанның үзілуі себеп болған. Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.