АҚШ-та Марко Рубиоға қарсы сотқа шағым түсті

Стэнфорд университетінің студенттік газеті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды 24kz.

Наразылыққа шетелдік студенттердің жаппай депортациялануы мен визалардың кері қайтарылуы себеп болған. Газет бұл әрекетті Конституцияға қайшы деп санайды. Елдің 22 штатында студенттерге визадан бас тартудың нақты себебі айтылмаған. Кейбірін полиция көшеде ұстап әкетіп жатыр. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары да тексеріс үстінде.

Айта кетейік, маусымда Рубио ХАМАС жақтастары мен қытайлық студенттерді елден шығарамыз деп мәлімдеген еді