Жапонияда халық саны азайып барады
Жапония халқының саны кейінгі бір жылда 900 мың адамға азайды.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұл соңғы 57 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Былтыр елде 686 мың бала дүниеге келген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 41 мыңға кем. Сарапшылар бұл жағдайды экономикалық тұрақсыздық және жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып жүрудегі қиындықпен байланыстырады. Енді жергілікті билік отбасыларға қолдау көрсететін жаңа әлеуметтік шаралар әзірлейді.