Армения мен Әзербайжан арасында жаңа транзит дәлізі ашылады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Салтанатты іс-шара АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Ақ үйде өтті.
Құжатқа сай қос мемлекет 40 жылға созылған қақтығысты тоқтатып, дипломатиялық байланысты қайта орнату туралы уағдаласты. Бір-бірінің тәуелсіздігі мен аумақтық бүтіндігін сыйлауға келісті. Сондай-ақ екі арада жаңа транзит дәлізін ашатын болып шешті. Бұл жол Армения аумағы арқылы өтіп, Әзербайжан аумағын Нахичеваньмен жалғайды. Ақ үй саммиттің аймақтағы тұрақтылық пен сауда жолдарын дамытуға зор ықпал ететініне сенімді.