Парижде Абай Құнанбайұлына құрмет көрсетілді
Парижде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Іс-шара ғұлама ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова басқа да дипломаттар, қазақ диаспорасының өкілдері, француз елінің белгілі қоғам қайраткерлері мен тұрғындары қатысты. Жиналған жұрт Абайдың бірлік, білім мен рухани жетілу туралы ойларын еске алды. Қазақ және француз тілдерінде ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылды. Айта кетейік, Парижде Абайдың мүсіні 4 жыл бұрын әйгілі «ақындар аллеясында» бой көтерген. Мұнда Гюго, Мольер, Пушкин және басқа да әлемге әйгілі қаламгерлердің ескерткіштері де бар.
Клара Сәдуақасова, іс-шараға қатысушы:
– Абай тек қана ақын емес, ол философ. Ойшылдың барлық сөздері бүгінгі күнде де өзекті. Абай дарынды тұлға, мерейтойында осы әдемі саябаққа келіп, құрмет көрсетуіміз біз үшін өте маңызды.
Элиз, іс-шараға қатысушы :
- Мен қазақ ақынының рухына тағзым ету үшін келдім. Абайдың бірнеше поэмасын француз тіліндегі аудармасында оқыдым. Абайды қазақ поэзиясының атасы, композитор ретінде білемін. Мұндай шаралар қазақстандықтарды біріктіріп қана қоймай, француздардың Қазақстанды көбірек танып білуіне.