Еуроодақ Украина бойынша шұғыл отырыс өткізеді

Брюссельде бүгін ЕуроОдақ елдерінің Сыртқы істер министрлері Украинадағы ахуалды талқылайды.

Басқосу 15 тамызда АҚШ пен Ресей президенттерінің Аляскада өтетін кездесуіне байланысты ұйымдастырылып отыр. Ұйым Украина дағдарысына қатысты кез-келген шешім Киев пен Брюссельдің қатысуымен қабылдануы керек деген ұстанымда. Бұл туралы Одақтың Сыртқы саяси мекемесінің өкілі Кая Каллас мәлімдеді. «Себебі мәселе бүкіл Еуропаның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін болады» - дейді ол.