Таиланд Камбоджаға қарсы халықаралық сотқа шағым түсірмек

Таиланд билігі Камбоджаға қарсы халықаралық сотқа шағым түсіреді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл шешім Камбоджа шекарасында мина қойылуына байланысты қабылданды. Нақты айтқанда, Сисакет провинциясында тай әскерінің үш сарбазы қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған. Қазір екі ел арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жұмыстары жүріп жатыр.