Оңтүстік Кореяда ерлердің декретке шығуы рекордтық деңгейге жетті

Оңтүстік Кореяда жыл басынан бері 34 мыңнан астам еркек декреттік демалысқа шықты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – ел үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Мәліметке қарағанда, олардың көбі ірі компаниялардың қызметкері немесе табысы көп азаматтар. Жергілікті заң бойынша декреттік демалыс әйелдермен бірге ер адамдарға да рұқсат етілген. Мерзімі – жарты жылдан бір жарым жылға дейін. Оның алты айы төленеді. Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері шамамен 1800 долларды құрайды.