Трамп Вашингтонға Ұлттық гвардияның 800 сарбазын жіберді
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонға ұлттық гвардияның 800 сарбазын жіберді, деп хабарлайды 24kz.
«Сондай-ақ жергілікті полиция федералдық биліктің, яғни, бас прокурордың қарауына өтеді», - деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы: «Шаһардағы қылмыс өршіп, қоғамға қауіп төніп тұр, - дейді. Сондықтан Вашингтонда төтенше жағдай жариялады. Тіпті қаладағы ахуалды Бразилия, Ирак және Колумбия астаналарындағы жағдайға теңеді. Ал, қала мэрі президент Трамптың сөзін жоққа шығарды. Мюриэл Боузердің айтуынша, биыл Вашингтонда қылмыс саны 26% азайған. Десе де, Ақ үй басшысы мұнымен шектелмейтінін мәлімдеді. Ол енді Нью-Йорк пен Чикагоға да ұлттық Гвардия жібермек.