Еуроодақ Ресейге жаңа экономикалық санкциялар енгізеді
Еуропалық Одақ Ресейге экономикалық шектеуді күшейтеді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір Мәскеуге қарсы санкциялардың 19-шы топтамасы әзірленіп жатыр. Мұны Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас мәлімдеді. Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосып, Украинаға әскери қолдауды арттыру және Киевтің ұйымға кіруін жеделдету мәселелерін де талқыға салған. Ертең Құрама штаттары, Украина және Еуроодақ өкілдері 15 тамызда Аляскада өтетін АҚШ – Ресей саммиті қарсаңында онлайн келіссөз жүргізбек. Кейінгі деректерге қарағанда президент Дональд Трамп пен Кремль басшысы Владимир Путиннің кездесуіне Украина президенті Владимир Зеленский қатыспайды.