Тайваньға қуатты тайфун жақындап келеді
Аймақта осыған байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, жел екпіні сағатына 155 шақырымға жетеді. Шығыс, оңтүстік-шығыс және таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін. Билік тұрғындарға су тасқыны мен көшкін қаупі барын ескертеді. Сондықтан тұрғындарға осы күндері үйден шықпауға кеңес берді.