Қытайда дүниежүзілік роботтар конференциясы басталды
Бейжіңде Дүниежүзілік роботтар конференциясы өтіп жатыр.
Мұнда ондаған ақылды робот өз мүмкіндіктерін көрсетуде. Іс-шараға 200-ден астам компания мен 400-ге жуық маман жиналды. Форумның басты тақырыбы адам тектес роботтар. Олар киім жинап, би билеп, тіпті футбол да ойнайды. Солардың бірі жаңа үлгідегі Walker S2 құлтемірі. Оның ерекшелігі, ол өздігінен қуаттау бекетіне барып, аккумяторын жаңарта алады. Нәтижесінде робот тоқтаусыз әрі үзіліссіз жұмыс істейді.