Трамп Вашингтоннан қаңғыбастарды көшіруді ұсынды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтондағы қаңғыбастарды көшіруді ұсынды.

Ақ үй басшысы: «үйсіз-күйсіз жүргендердің арасында қылмыскерлер мен нашақорлар бар. Олар қоғамға қауіп төндіреді»,- дейді. Осыған дейін тәртіп сақшылары рейд ұйымдастырып, кейінгі 5 айда қала көшелерін кезбелер түнейтін 70-ке жуық лагерьді бұзып, таратқан. Ал ондағы паналаушыларды уақытша орталықтарға орналастырды. Енді мұндай жандарды қамап, айыппұл салуы мүмкін. Қазір Вашингтонда үй-күйсіздердің саны 5 600-дей болады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14 пайыз көп. Президент Трамп қылмысты азайту үшін кеше қалаға Ұлттық гвардияның 800 сарбазын кіргізді.