Албанияда екі елді мекен өртеніп кетті
Албанияда орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды 24kz.
Тілсіз жаудың кесірінен 80 жастағы тұрғын түтінге уланып көз жұмды. Ахуал, әсіресе, Скендербегес округінде қиын. Мұнда екі бірдей елді мекен өртеніп кетті. Тағы бірқатар ауылға қауіп төніп тұр. Оның ішінде қару-жарақ қоймасына жақын жердегі елді мекендер бар. Тұрғындар дереу қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өртті ауыздықтауға 1 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылып, тікұшақтар тартылды. Тілсіз жаумен күресте Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Словакия және Грекия қол ұшын созды.